Астанада жас бард орындаушылары республикалық фестивальда бас қосады

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - 6-8 сәуір күндері Астанада республикалық жас бард орындаушылардың фестивалі өтеді, деп хабарлады өнер мерекесінің баспасөз қызметі.
None
None

Биылғы фестиваль Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылып отыр.

Фестивальдің ұйымдастырушылары - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қосымша білім беру республикалық оқыту-методикалық орталығы, Астана қаласы Білім департаменті, Астана қаласы жас туристер стансасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы.

Фестивальға Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас бардтар қатысады. Фестивальдің құрметті қонақтарының құрамында Роман Ланкин (Томск), Евгений Сухотерин (Омск), Жеңіс Ысқақов (Мәскеу) сияқты атақты орындаушылар шақырылды. Жас туристер стансасы фестивалінің бағдарламасына қатысушыларға арналған шығармашылық шеберлік сабақтары, басқа қаладан келген қатысушыларға экскурсия, «Шайхана» әзіл-сықақ концерті өтеді.

Осы жанрдың жанкүйерлері  6 сәуір күні өткен жылдың лауреаттары мен фестиваль қонақтарының концертін көре алады. 7 сәуір күні,- сайыскерлік концерт, ал 8 сәуір күні сағ. 12.00-де қорытынды Гала-концерт өтеді. Концерттер М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жайлы залында ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар