Астанада жас хоккейшілер арасында ҚР чемпионаты аяқталды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - 5 ақпан күні Астанада хоккейден «В» тобындағы 2002 жылы туған спортшылар арасында ҚР чемпионаты аяқталды.

Астанада жас хоккейшілер арасында ҚР чемпионаты аяқталды

Бұл туралы елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қыметінен мәлім етті.

Жарысқа елордалық «Астана» және «Алау» командалары, «ПСО» (Екібастұз), «Бүркіт» (Петропавл), «Оңтүстік бүркіт» (Шымкент қаласы) командалары қатысты.

«Астана» командасы барлық кездесулерді жеңіп, көшбасшылығын бұл жолы да сақтап қалды. Екінші орында «Алау» болса, үшінші орынға петропавлдық «бүркіттер» тұрақтады. Шымкент қаласының спортшылары әзірге бірде-бір жеңіссіз және турнирлік кестенің соңғы орнында.

Айта кетейік, спортшылар Қазақстанның ең мықты деген командалары ойнайтын «А» тобына өту үшін бақ таластыруда. Үшінші турдың өткізілетін уақыты әзірге белгіленген жоқ.