Астанада жас құрастырушылар қолдан жасаған зымырандар мен роботтарын ұсынды

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада әуе-, авто-, кеме-, зымыран үлгілерін және роботты техника құрастыру бойынша балалар арасында республикалық байқау басталды.
None
None

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік құрастырушылар өздерінің экспонаттарын алып келген. Олардың ішінде қашықтықтан басқарылатын көліктер мен азаматтық, әскери ұшақтар, желкенді кемелер, сүңгуірлер, әскери қайықтар, тіпті әлемге танымал көлік маркаларының кішірейтілген үлгілері бар. Модельдердің дені жанармаймен оталып, бірнеше сағат бойы жүре алады. Көзге бірден түсер модельдердің бірі немістің Focke-Wulf Fw 190 Würger әскери ұшағы мен Ай бетінде жүруге арналған ғарыш аппараты. Бір қызығы олар далада жатқан керексіз темір-терсектерден құрастырылған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум