Астанада жас қыз жалған ақшамен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері жалған ақша ұстаған 23 жастағы қызды тұтқындады, деп хабарлады көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
«Астана қаласының темір жол вокзалында 23 жастағы қыз ұсталды. Одан номиналы 2000 теңгелік 64 купюра және номиналы 1000 теңгелік 6 дана ақша (жалпы сомасы 134 мың теңге) тәркіленді», - делінген хабарламада. Сарапшылардың тексеруінен кейін, бұл принтердің көмегімен басып-шығарылған жалған ақша екені анықталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 231-бабы 1бөлімі (Жасанды ақша немесе құнды қағазды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Материал тергеу амалдары үшін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді.