Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат ? 2009» XVIII республикалық байқауы өтеді

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат – Астанада Конгресс-холл сахнасында мамырдың 15-і мен 17-сі аралығында жас орындаушылардың кезекті, он сегізінші рет «Жас қанат» байқауы өтеді.

Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат ? 2009» XVIII республикалық байқауы өтеді
Бұл туралы ҚазАқпаратқа республикалық байқаудың баспасөз орталығынан хабарлады. Байқаудың ұйымдастырушылары ? Астана қаласының әкімдігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Хабар» агенттігі және «Азия дауысы» дирекциясы. Қатысушылар арасында барлық іріктеу турларынан сүрінбей өткен Әсел Әбдірахманова (Атырау), Гүлия Айдарханова (Павлодар), Ербол Ақбасов (Орал), Алёна Аллахвердиева (Петропавл), Әлия Әйіп (Алматы), «Батыс» дуэті (Ақтөбе), Төлеген Ғабдырахман (Астана), Тарас Жауымбаев (Орал), Таңат Жексенбаев (Батыс Қазақстан облысы), Татьяна Ким (Қостанай), Азамат Мекебаев (Астана), «Melo?men» тобы (Алматы), Әсем Омаровалар (Семей) бар. Жас орындаушылардың республикалық «Жас қанат» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. Алдымен Алматыда өтіп жүрген бұл өнер сайысы 2001 жылдан бері Астанада өткізіліп жүр.