Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат -2010» ХІХ конкурсы мәресіне жетті
АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат -2010» ХІХ конкурсы мәресіне жетті, деп хабарлады конкурстың баспасөз қызметінен.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, конкурстың бас жеңімпазы болып көкшетаулық Арайлым Әбдібекова жарияланды. Күміс жүлдені қостанайлық Батырхан Маликов иеленсе, «қола қанат» алматылық Айшөрек Үмбеталиеваға бұйырды.