Астанада «Жас сарбаз» арнайы кадет сыныбы» тәжірибелік сынағының аяқталу құрметіне салтанатты шара өтеді - Қорғаныс министрлігі
АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада №62 мектеп-лицейінің базасында «Жас сарбаз» арнайы кадет сыныбы» тәжірибелік алаңы жұмысының аяқталуына арналған салтанатты жиын өтеді,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру аясында осыдан 6 жыл бұрын №25 орта мектептің базасында «Жас сарбаз» арнайы кадет сыныбы» тәжірибелік сынақ алаңы ашылған болатын. Ғылыми жетекшілер мен педагогтардың алдына балалардың денсаулықтарын нығайту, денелерін шынықтыру, олардың жоғары еріктілік және адамгершілік қасиеттерге баулу міндеттері қойылды. Алты жыл жалғасқан тәжірибелік сынақ, педагогтардың дұрыс бағыт таңдағанын көрсетіп отыр. Мұғалімдер осы жылдары кадет сыныптарында оқыған балалардың парасатты, ақылды, байсалды екендерін, олардың кез-келген жағдайда дұрыс және сауатты шешім қабылдай алатындарын, өз беттерінше әрекет етуді үйренгендерін айтып отыр. «Жас сарбаз» арнайы кадет сыныбы» тәжірибелік алаңының жұмыс қорытындысы мамандар тарапынан оң баға алса, келешекте мұндай сыныптар көптеп ашылуы мүмкін.