Астанада жас тілшілер мен жүргізушілердің «Сөз маржаны» атты байқауы өтуде
Дода 6-8 және 15-17 жас аралығындағы балалар арасында Рухани келісім күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Байқаудың басты мақсаты - сөз және сахна шеберлігі саласында бейімі бар дарынды балаларды анықтау, сахнадағы икемдері мен дағдыларын шыңдау. Бүгінгі негізгі кезеңге 11 мектептің оқушылары өткен. Байқау барысында «Салтанатты іс-шаралар жүргізушілері», «Шоу бағдарламаларының жүргізушілері», «Телевизиялық бағдарламалар жүргізушісі», «Шешендік өнердің үздігі», «Көрермендердің көзайымы», «Көпшілік көңілашар», «Сахнаның күміс дауысы», «Сегіз қырлы, бір сырлы жүргізуші», «Ең сәнді жұп», «Үздік сахналық бейне» аталымдары бойынша ең мықты жүргізушілер анықталады. Сонымен қатар Гран-При жүлдесі де беріледі.
Қазылар алқасында қалалық конкурстардың жүргізушісі, әнші Әлихан Дүйсенбай, «МИР» телеарнасының тілшісі Татьяна Терюкалова, «Хабар» арнасының жүргізушілері Жұмағали Құрманбек, Бекзат Жүсіп сынды өз ісінің шеберлері төрелік етті.