Астанада «Жас ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестивалі өтеді

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы 12 қазанда «Конгресс-холл» концерт залында «Жас ұлан» республикалық әскери әндер фестивалі лауреаттарының гала-концерті өткізіледі.
None
None

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2013 жылғы 9-10 қазан күндері «Жас ұлан» республикалық мектебінің ғимаратында фестивальге қатысушылардың ақтық сайысы болады. Әскери әндер фестивалінің финалына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда іріктеу турларынан өткен орындаушылар мен әскери шығармашылық ұжымдар қатысады.

Конкурстық бағдарламада әскери көркемөнерпаздардың «орындаушы-вокалистер», «фольклорлық орындаушылар», «вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар» атты үш аталым бойынша сынға түсуі көзделген.

Соңғы жаңалықтар