Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өтеді

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектерінде, өңірлік қолбасшылықтарда «Жас ұлан-2013» ХV республикалық әскери әндер фестивалінің іріктеу турлары болып өтті. Көркемөнерпаз орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар бұған дейін рота-батальон, батальон бригада буындарында іріктеуден өтті.

Астанада «Жас ұлан» әскери әндер фестивалі өтеді

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінгі таңда үшінші іріктеу турынан өткен түрлер, тектер мен өңірлік қолбасшылықтардың жеңімпаздары Астанадағы қорытынды сайысқа дайындық үстінде. Сондай-ақ фестивальға басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың өкілдері қатысып, фестиваль қонақтары өнер көрсетеді деп күтілуде.

2013 жылғы 8-13 қазан аралығында астаналық «Конгресс-холл» концерт залында қорытынды тур және «Жас ұлан» фестивалі лауреаттарының гала-концерті өткізіледі.

Республикалық фестивальға қатысушылар «орындаушы-вокалистер», «фольклорлық орындаушылар», «вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар» атты үш номинациядағы конкурстық бағдарламада өнер көрсетеді.

«Жас ұлан» фестивалі ҚР Қарулы Күштерінде 1997 жылдан бері әскери ортадағы көркемөнерпаз шығармашылық ұжымдары мен орындаушыларды дамыту үшін өткізіліп келеді. Ол әскерлерде кеңінен танымал. Шығармашылық көркемөнерпаздар әскери қызметшілер мен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуде үлкен орын алады.

Стройка, строительство
Ұқсас жаңалықтар

Сапасыз құрылыс: Степногорскіде мердігерден 80 млн теңге өндірілмек