Астанада жасыл аймақтардың құқықтық мәртебесі өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласы мәслихатының санитарлық-қорғау жасыл аймағын басқару және оның аумағында қызметті шектеу режимі қағидаларына өзгерістер енгізу туралы шешім жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Астанада жасыл аймақтардың құқықтық мәртебесі өзгереді
Фото: Акерке Дауренбеккызы / Kazinform

Құжат Астана қаласының әкімдігі тарапынан «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» заңға сәйкес әзірленген.

Түсіндірме жазбада атап өтілгендей, түзетулерге 2025 жылғы 26 маусымда қабылданған заңнамалық өзгерістер негіз болған. Атап айтқанда, «астананың санитарлық-қорғау жасыл аймағы» ұғымы заң деңгейінде «астананың орман-саябақ аймағы» деп өзгертілген.

Осыған байланысты 2025 жылғы 28 қарашадағы № 348/46-VIII мәслихат шешімін жаңартылған нормаларға сәйкестендіру ұсынылып отыр.

Құжат қабылданған жағдайда, оның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдары болмайды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке әсер етпейді деп күтіледі.

Жоба бойынша қоғамдық талқылау 2026 жылғы 5 мамырға дейін жалғасады.

Бұған дейін Астанада шамамен бір миллион көшет егілетіні хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар