Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, елордада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі үстіміздегі жылдың 3 тоқсанында 7,3% құрады және 2013 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 0,4% (7,7%) төмендеді.
Ведомствоның хабарлауынша, экономикалық белсенді халықтың саны аталған мерзімде 452,8 мың адамды құрады. 429,2 мың адам жұмыс істейді, соның ішінде 402,3 мың адам жалдамалы жұмыскер, 26,9 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жалпы жұмыс істейтін халықтың 6,3% құрайды.
Биылғы жылдың он айында 16306 жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде шағын және орта бизнес саласында - 11328 адам жұмыспен қамтылды, бұл 69,5% құрайды, деп жазады astana.gov.kz.