Астанада жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау үшін студенттер жасақтары жұмыс істеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында наурыз айынан бастап Астана қаласында студенттік жасақтар өз жұмысын жүзеге асыруда, деп хабарлайды елорданың баспасөз қызметінен.
Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, аталмыш жасақтардың көмегімен он бес рейд өткізіліп, үш жүзден астам әкімшілік бұзушылық анықталды. Бүгінгі таңда студенттік жасақтар құрамында 250 адам бар. Жастар елорда тұрғындары арасында ҚР заңнамасы мен құқық бұзушылықты болдырмау туралы ақпараттық насихат жүргізуде. Жастар саясаты мәселелері басқармасы Астана қаласы ІІД-імен бірігіп бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі қарай дамыту мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесулер өткізді. Бұл шара студенттік жасақтар жұмыстарын насихаттауға бағытталған.