Астанада жастар болашақ биін билейді

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Болашақ бүгіннен басталды!» іс-шарасының аясында «Болашақтың биі» атты жастар акциясы өтеді.
None
None

Шараның мақсаты - патриоттық тәрбие беру және мәдени ағарту.

Акция 2012 жылдың 8 сәуірінде флеш-моб форматында «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығында өтеді. Астанадағы ең ірі сауда, ойын-сауық орталығында өтетін аталмыш шараны Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Шабыт» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен Қазақстанның Жастар Конгресі мен «КазБренд» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Ұйымдастырушылар акцияға 100-ге жуық жасты тартып, соңғы кезде жастар арасында танымал бола бастаған  «Неймар биін» орындауды жоспарлауда. Биге қатысты қысқаша айта кетсек, бразилиялық әнші Michel Telo-ның орындауындағы  "Ai se eu te pego" әні барлық музыкалық хит-парадтардан көрінді. Әннің танымалдылығына гол соғылғаннан кейін осы әннің әуеніне Ai Se Eu Te Pego қимылдарын жасайтын футболшылардың «жарнамасы» септігін тигізді. Бидің қызық та, еліктіре түсер қадамдарын бірінші орындаған бразилиялық футболшы Неймардан кейін бұл жастар арасында танымал бола бастады.

«Болашақ бүгінен басталады!», -деп ұрандаған ұйымдастырушылар, барлықтарын акцияға қатысуға шақырады.

Соңғы жаңалықтар