Астанада «Жастар - теміржол болашағы» І республикалық форумы өтуде
А. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК жастарының «Жастар - теміржол болашағы» І республикалық форумы өтуде.
Бұл туралы ұлттық компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.
«Форум - «Қазақстан темір жолы» компаниясының теміржолдың кадрлық әлеуетін дамытуға, жас мамандарды кәсіби жетілдіруге, басқарушы буындарды білікті жастармен толықтыруға бағытталған жастар саясатының бірегей көрінісі», - делінген компанияның баспасөз баянында.
Астанаға биыл Алматы, Қостанай, Павлодар қалаларында өткен іріктеу форумдарының жеңімпаздары - теміржол саласында жұмыс істейтін 18 бен 30 жастың аралығындағы 150 жас қызметкер жиналып отыр.
Форумның аясында ұлттық компания вице-президенттерінің, басқарушы директорларының, еншілес кәсіпорындардың бірінші басшыларының қатысуымен «дөңгелек үстел» отырыстары, менеджмент саласы бойынша тренингтер өтеді.