Астанада жастардың 3 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері 29 жасқа дейінгі 6 420 қала тұрғыны жұмысқа орналасуға көмектесу туралы өтініш берді. Соның ішінде 589 адам жастар практикасына 38-і әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді. 2850 адам төленетін қоғамдық жұмыстарға кірісті, ал 204-і кәсіптік оқуға қабылданды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астанада жастардың 3 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды

Елордада жастар үшін өткізілетін маңызды шаралардың бірі - бос орындар жәрмеңкесі. Шара барысында жұмыс берушілер келушілерге бос жұмыс орындарын ұсынады. Астанада жыл басынан бері 13 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Бұдан басқа, жастарға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысуда көмек көрсетіледі. Үстіміздегі жылы бағдарламаға қатысуға 1902 өтінім берілді. Жыл сайын Астанада жұмысқа орналастыру мәселесін одан әрі қарау мақсатында ЖОО-лар мен колледждердң түлектерінің арасында, сондай-ақ, қажетті мамандықтарды анықтау үшін мектеп оқушыларының арасында сауалнама жүргізіледі.