Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Елордада 17 сәуір күні жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара 17 сәуірде сағат 14:30-да Жеңіс даңғылы, 62 мекенжайында орналасқан С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғимаратында өтеді.
- Жәрмеңке жастарға жұмыс табуға, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттан өтуге және жетекші компаниялардың ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік береді, - делінген елорда әкімдігінің ақпаратында.
Ізденушілерге өзекті бос жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс берушілермен кездесулер, сондай-ақ мансаптық кеңестер ұйымдастырылады.
Айта кетейік, қазақстандық студент адам бара алмайтын қауіпті жерлерде жұмыс істейтін робот шығарды.