Астанада жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі басталды

СТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Бүгін, тамыздың 11-і күні Астанадағы «Іскер» бизнес орталығында жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі басталды.
None
None

«Ақмола облысы жастарының қауымдастығы» ұйымдастырған жәрмеңкеде гуманитарлық, техникалық, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша бос жұмыс орындары ұсынылған.

«Жәрмеңке «Жас маманға - лайықты жұмыс» деп аталады. Бұл жастарға арналған шара болғандықтан, мұнда 18-29 жас аралығындағы жастар үшін жасадық. Оның барысында өтетін шеберлік сыныптарында жастар жұмыс берушілер алдында өзін қалай ұстау қажеттігі, қызметке қалай орналасуға болатыны жайлы мәселелерге қаныға алады. Сондай-ақ жәрмеңкедегі бос жұмыс орындарын табуға көмек көрсетілетін болады», дейді «Ақмола облысы жастарының қауымдастығы» ұйымының жетекшісі Олег Толкайлов.

О. Толкайловтың айтуынша, жәрмеңкеде техникалық мамандықтарға және қызмет көрсету саласына қажетті қызметшілерге сұраныс жоғары.

Жоба аясында бұдан бұрын Ақмола облысы аумағында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Осындай шараны қыркүйек айында Алматы қаласында да өткізу жоспарланып отыр.

Мәдениет министрлігінің және Астана әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан жәрмеңкеге, жұмыс берушілер, кадрлық агенттіктер, жұмысқа орналастырумен және оқытумен айналысатын ұйымдар тартылды.

Соңғы жаңалықтар