Астанада «Жасыл аймақ» экологиялық акциясы өтеді

Акцияның мақсаты - Астана қаласының жасыл белдеуін тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазалау, жастардың экологиялық сана-сезімін ояту, табиғатты қорғауға шақыру.
«Туған қалаңның, оның көшелері мен гүлзарларының ұқыпты, таза болуы біздің әрқайсымызға байланысты әрі әрдайым қамқорлық танытуымыз қажет. Мұны ешқашан ұмытпауымыз керек, - дейді акцияны ұйымдастырушылар.
«Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні» - БҰҰ бағдарламасының қамқорлығымен өткізілетін халықаралық табиғатты қорғау шарасы.
Жыл сайын 5 маусым күні әлемдік қауымдастық қоршаған ортаны қорғау мәселесін талқылайды. Осы күні бүкіл әлемде «Жердегі өмір үшін» ұраны бойынша экологиялық шаралар өткізіледі.
Мереке қарсаңында Астанада бірқатар шаралар ұйымдастырылды. «Біз таза қаланы таңдаймыз» деген ұранмен қаланы абаттандыру, жасылдандыру және санитарлық тазалау көктемгі экологиялық айлық аяқталды және апта сайынғы «Таза жұма» акциясы жалғасуда.
«Жасыл аймақ» акциясының ұйымдастырушылары - Астана қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.