Астанада «жасыл экономикаға» экожүйелік қызметтерді енгізу мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының БИОФИН және CB2 жобалары Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен бірлесе отырып, 24 маусым күні Астанада «Экожүйелік қызметтерді «жасыл экономикаға» енгізу» атты халықаралық конференция өткізеді.

Астанада «жасыл экономикаға» экожүйелік қызметтерді енгізу мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді

Конференция мақсаты мемлекеттік денгейде басқару шешімдерін қабылдау үшін табиғи байлықты экожүйелік қызметтерге баға беру арқылы есептеу, экожүйе және биоәртүрлілікті басқарудың жаңа тәсілдерін қолдану, табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың балама құралы ретінде жекеменшік сектордың қатысуымен экожүйелік қызметтер үшін төлемдер енгізу бойынша еларалық тәжірибемен алмасу болып табылады.

Экожүйелік қызметтер - бұл адамдардың экожүйеден алатын пайдасы. Экожүйелік тәсілдеме жер, су және биологиялық ресурстарды әділеттілік қағидаты негізінде қорғауға және тұрақты түрде пайдалануға септігін тигізетін кешенді басқарудың стратегиясы болып табылады.

Конференция барысында экожүйелерді және биоәртүрлілікті басқару, қоршаған ортаға бағытталған инвестициялардың тиімділігі мен шығындарын бағалау, экожүйелік қызмет үшін төлемдерді заңдастыру, биологиялық ресурстарды экономикалық бағалау бойынша Вьетнамның, Моңғолияның, Ресейдің, Түркменстанның, Қырғызстан мен Қазақстанның сәтті тәжірибелері талқыланады.