Астанада жасырын казино жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жасырын казиноның жұмысын тоқтатты.

Астанада жасырын казино жабылды

Ол тұрғын үй ғимараттарының бірінде орналасқан екен.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 307 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу шаралары өткізілуде, деп хабарлады Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.