Астанада жатақхана карантинге жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Сәдуақасов көшесі, 18/1 мекенжайында орналасқан жатақхана карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада жатақхана карантинге жабылды

Қала әкімдігінен мәлім еткендей, инфекцияны жұқтырған пациент стационарға орналастырылды.

«Онымен байланыста болған адамдар анықталды. Жатақханаға баруға тыйым салынады. Дезинфекция жүргізілді», - делінген ақпаратта.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда бұған №2 көпсалалы облыстық аурухана, №1 автобус паркі, «Мейірім» медициналық орталығы мен Керей, Жәнібек хандар көшесінде орналасқан Ұлттық ғылыми онкология орталығы карантинге жабылған болатын.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 271-ге жетті. Оның ішінде елордадағы науқастар саны – 166.

Індеттен 18 адам жазылып шықты. Оның 13-і елордада емделді.