Астанада жатақхана өртеніп, бір адам жапа шекті

пожар
Фото: Видеодан кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Астана қаласының Сарыарқа ауданында ТЖ қызметкерлері жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Нақтыланған ақпарат бойынша, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры жануда.

Зардап шеккен адам бар. Улы газбен уланған 1935 жылы туған азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.

Соңғы жаңалықтар