Астанада жауған жаңбыр мұз қалашықтың құрлысына кедергі келтірмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласында ауа температурасы екі градусқа дейін жылынып, таңертеңнен бері жаңбыр жауғаны белгілі. Мезгілсіз жауған жаңбыр қалада салынып жатқан мұз қалашықты аздап бүлдіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада жауған жаңбыр мұз қалашықтың құрлысына кедергі келтірмейді

null
Алайда, мұз қалашықты салып жатқан адамдар жаңбырға қарамастан, мұз қалашықтың ашылуына дейін (19 желтоқсан - агенттік) бүкіл жұмысты аяқтаймыз деп сендірді.

Мұз қалашықта еңбектеніп жүрген жұмысшылар ҚазАқпарат тілшісімен əңгімелесе отырып, күні-түні жұмыс істеп жүргендерін айтты.

null  

Астана қалалық мəдениет басқармасының хабарлауынша, күн райы мұз қалашықтағы фигураларды қатты бүлдірмеген.

null  

«Синоптиктердің болжауынша, жақын арада күн тағы да суытады. Сондықтан, мұз қалашықтың құрылысы уақытында аяқталады. Бір-екі күнгі жылы ауа райы құрылысқа қатты кедергі келтірмейді», - деді басқармасының баспасөз қызметі.

null