Астанада жауын: Б. Момышұлы даңғылымен жүретін автобус бағдары өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ауа райына байланысты бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Astana LRT» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«25 тамыз күні сағат 14:00-ден бастап, ауа райына байланысты Б. Момышұлы даңғылының Қошқарбаев-Тәуелсіздік даңғылы бөлігінде автобус қозғалысына шектеу қойылады. № 15, 47, 51, 56, 101 бағыттардың Сарайшық - Б. Момышұлы қиылысына дейінгі бағдары өзгеріссіз қалады, әрі қарай Р. Қошқарбаев даңғылымен тіке жүріп, сол жақтағы Тәуелсіздік даңғылына бұрылады. Тәуелсіздік даңғылынан оңға - Б. Момышұлы даңғылына бұрылады және қалған бағыт бекітілген схемаға сәйкес жүргізіледі», - деп жазды «Astana LRT» компаниясының ресми өкілі Науат Азанбаева.
Ресми өкілдің хабарлауынша, № 61 бағыттың Шарль де Голль-Тоқпанов қиылысындағы «№81 мектеп-лицей» аялдамасы өзгеріссіз қалды, одан кейін автобус Шарль де Голль көшесімен тіке жүріп, солға - Тәуелсіздік даңғылына бұрылады.
Кері бағыттағы қозғалыс та дәл осы схемамен жүреді.