Астанада жайылым мәселесін ретке келтіру талқыға салынады

Айта кету керек, Парламент депутаттарының бастамасымен «Жайылымдар туралы» жаңа заң жобасы әзірленген болатын.
Ол заң жобасында Үкіметтің жайылымдарды ұтымды пайдалану саласындағы уәкілетті органды айқындау, уәкілетті органның және өзін өзі басқару органының жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі құзыретін айқындау мәселелері көзделген. Сонымен бірге, жайылымдарды аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдық елді мекендердің және шалғайдағы жайылымның шегінде, шегінен тыс беру және пайдалану тәртібі айқындалды. Сондай-ақ, заң жобасында жайылымдарды мемлекеттік реттеу және ұтымды пайдалануды қолдау сияқты мәселелер қамтылған. «Жайылым мәселесін ретке келтіру - маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда, бұл мәселе дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланатын болады»,- дейді Мәжіліс депутаты, аталған заң жобасның бастамашыларының бірі Жексенбай Дүйсебаев. Осы басқосуға Парламент Мәжілісінің депутаттарымен қатар, мүдделі министрліктердің, сондай-ақ басқа дамемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері қатысады.