Астанада жедел жәрдем қызметіне арналған жаңа көліктер таныстырылды

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Аллюр авто» компаниясы жедел жәрдем қызметіне арналған жаңа көліктерді таныстырды.
None
None

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусиновпен пен ҚР Индустрия және сауда вице-министрі Альберт Рау ол көліктерді жан-жақты қарап шықты. Мәселен, «Iveco» маркалы көлік жедел жәрдем қызметі үшін толығымен жабдықталған. Ондағы құрал-жабдықтардың 50 пайызы Қазақстанда шығарылады. Көліктің бағасы - 16 млн. теңге. Сондай-ақ жеке дәрігерлер үшін жеңіл көліктің бір нұсқасы да бар. Оның бағасы - 9-11 мың доллар.

«Бұған дейін біз «Хендэй» компаниясының жедел жәрдем қызметіне арналған көліктерімен таныстық. Енді, бір айдың ішінде конкурсқа қатысатын компанияларды жіктеп, жедел жәрдем қызметіне арналған көліктерді кімнен алатынымызды нақты анықтайтын боламыз. Әрине, ол кезде қазақстандық қамту мәселесіне баса назар аударылатын болады», - дейді С.Мусинов.

Министрліктің жауапты хатшысы атап көрсеткендей, бұл жұмыс «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатыр. Оның аясында еліміздегі көліктік медицинаны барынша дамыту көзделген. Ол үшін жыл сайын 2 мың көлік сатып алынатын болады. Жалпы, Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, екі жылдың ішінде жедел жәрдемнің көліктік қызметі толығымен жаңартылуы тиіс. 

Соңғы жаңалықтар