Астанада жекеменшік тұрғын үй өртеніп, ер адам мен әйел қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Жексенбі, 1 сәуір күні Астанадағы Анар көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үй өртенді. Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан 56 жастағы ер адам мен 46 жастағы әйелдің мәйіттері табылды.
Тілсіз жауды өрт бөлімшесінің келуіне дейін жергілікті тұрғындар сөндірді. Өрт салдарын жоюға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 13 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.