Астанада жекеменшік тұрғын үйде ірі өрт болды, зардап шеккендер бар - ҚР ТЖМ

ТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - Астанада жекеменшік тұрғын үйде ірі өрт болды, зардап шеккендер бар.

Астанада жекеменшік тұрғын үйде ірі өрт болды, зардап шеккендер бар - ҚР ТЖМ

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, оқиға кеше, кешкі сағат 9 шамасында Сарыарқа ауданы, Ә.Ділманов көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан екі қабатты жекеменшік тұрғын үйде болды.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның 23 адамы мен 5 техникасының күшімен бір жарым сағатта ауыздықталды. Жалын осы уақыт аралығында үйдің 150 шаршы метр аумағын шарпып үлгерді.

Құтқарушылар оқиға орнынан ысты газға уланған 18 жастағы азаматты ауруханаға жеткізді.