Астанада жекеменшік үйде болған өрт кезінде жас келіншек пен сәби иіс тиіп, уланып қалды
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Сарыарқа» ауданында орналасқан жеке үйлердің бірінде қатты отынға арналған пеш құралының ақауынан жұма, 7 қазанға қараған түнде 34 жасар әйел мен 13 жасар бала иіс тиіп, уланып қалды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.