Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі, 11 сәуір күні қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді

«Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті «City Transportation Systems» компаниясынан. ⠀

Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істей бастайды.

Компания өкілдері автобустарға маскасыз кіруге болмайтынын ескертеді. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Еске салайық, 12 сәуірден бастап астанада карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы күшіне енеді.