16:18, 22 Наурыз 2018 | GMT +6
Астанада жел күшейіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алдағы екі күнде жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының ТЖД-не сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 23 наурыз күні күндіз және 24 наурызда жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, көктайғақ болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін сәуір айында да аязды күндер болатыны хабарланған.
Фото: tumix.ru