Астанада жеңіл атлетикалық эстафета кезінде көшелер жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 мамыр күні елордада Отан қорғаушы күніне және Жеңіс күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында жеңіл атлетикадан эстафета өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, эстафетаны өткізуге байланысты Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысы (Қаржы министрлігі), Әлия Молдағұлова және Бейбітшілік көшелері Отырар көшесіне дейін сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жабық болады.
«Жоғарыда аталған көшелер кезең-кезеңмен ашылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген әкімдік хабарламасында.