Астанада жеңіл көлік өзенге түсіп кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Subaru» маркілі жеңіл көлігі өзенге түсіп кетті, деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Астанада жеңіл көлік өзенге түсіп кетті

Полиция қызметкерлері таратқан мәліметтерге қарағанда, «Subaru» көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі металл қоршауларды бұзып, өзенге түсіп кеткен. Көлікте жүргізушімен бір жолаушы болған. Екеуі де 1994 жылы туған. Олар оқиға болған соң ауруханаға жектізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Оқиғаның салдарынан зардап шеккен өзге ешкім жоқ. Көлік болса арнайы техниканың көмегімен судан шықарылып, айып тұрағына жеткізілді.

Болған оқиға бойынша 610 бап негізінде «Көлік құралының жүргізушісі белгіленген жол қауіпсіздігі ережесін бұзып, жол бойындағы қоршауларды бұзды (10-нан 20-ға дейінгі АЕК негізінде айыппұл салынып, 9 айдан 1 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады) әкімшілік іс қозғалды. Осы кезде болған оқиғаның өзге де себептері анықталуда.