10:59, 17 Ақпан 2010 | GMT +5
Астанада жеңіл көлік жолаушылар автобусына соқтығысып қалды, зардап шеккендер бар - ТЖМ
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат - Астанада Бейбітшілік және Келісім сарайының аумағында «Фольксваген» және жолаушылар автобусы соқтығысып қалды, үш адам зардап шекті,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы ақпанның 16-сы күні 17 сағат 52 минутта Тәуелсіздік көшесінің бойында орын алды. «Фольксвагеннің» 20 жастағы жүргізушісі салонында 18 адамы бар «Хундай» үлгісіндегі жолаушылар автобусына соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.