Астанада жеңілдетілген тұрғын үй кезегінде 23 800-ге жуық адам тұр

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Бүгінде елорда тұрғындарының саны күннен-күнге өсіп келе жатыр. Мүмкін содан да болар, баспана мәселесі ең өткір күйінде қалуда.
None
None

«2008 жылдан бері жыл сайын кезекке 3-4 мың адам тұрады. Олар - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, мүгедек балалары бар отбасылар, зейнеткерлер, көпбалалы және асыраушысынан айырылған отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, үйлері апатты деп танылған азаматтар. Жыл сайын кезекке тұрған адамдар арасынан кезегі келгендерінің тізімі қалалық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде, қала әкімдігінің сайтында жарияланып отырады», - дейді Астана қаласы тұрғын үй басқармасы бастығының орынбасары Руслан Ахметов елорданың ресми сайтына берген сұхбатында.

Жеңілдетілген тұрғын үй кезегіне тұру үшін қажетті құжаттар топтамасын әзірлеу қажет. Оның тізбесін халықты жұмыспен қамту орталығынан білуге болады. Сондай-ақ, толық ақпаратпен «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша Астана қаласының ресми сайтынан таныса аласыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум