Астанада жеңілдікпен қоғамдық көлікте жүретіндер үшін карталарға фототіркеу аяқталған жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарланғандай 2015 жылдың соңына дейін елорданың қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Осыған орай, тамыздың 1-нен бастап қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие тұрғындар санаты үшін төлем карталарына арналған фотосуреттерге түсу науқаны басталған болатын, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жол жүру карталарында тұлғаның аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі мен фото суреті көрсетіледі. Бүгінгі таңда жеңілдіктерге ие 20 мыңға жуық астаналық фототіркеуден өтті. Волонтерлер дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша 57-47-77 call-орталыққа хабарласа аласыздар.