Астанада «Жеңіс. Барлығына ортақ» кинофестивалі басталды
СТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлайна Мергенова/ - Елорда тұрғындары жуық арадағы үш күн ішінде үлкен экранда Ұлы Отан соғысына арналған атақты кино фильмдерді көре алады, бұл жайында бүгін Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Жеңіс. Барлығына ортақ» атты кинофестивальдің ашылуында мәлім болды.
Фестивальдің алғаш ашылуы кеңестік киноның тамаша туындысы «Тырналар ұшып барады», яғни барлық көрерменнің көңілінен шыққан және көптеген фестивальдық наградаларға ие болған картинамен ашылды.
Өнер мерекесінің ашылуына Ресейдің халық әртісі сценарист, продюсер Болат Мансуров «Өлімге жол жоқ, жігіттер!» фильмінің режиссері және армян кеңестік режиссері, актер, сценарист Левон Григорян «Бәйшешектер мен еңлікгүлдер» фильмінің режиссері келді. Бұл екі фильм де «Жеңіс. Барлығына ортақ» кинофестивальінде көрсетіледі.
Фестиваль өзінің алғаш көрсетілімін сәуір айының соңында Украинадан бастап, Беларусь, Армения, Грузияда жалғастырды. Ал Қазақстанда фестиваль маусымның 4-7-і күндері өтіп, Түркіменстанда аяқталады.
Фестивальге қолдау көрсетушілер: ТМД мүше-мемлекеттері гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры және «Совэкспортфильм» ААҚ.
Осы үш күн ішінде астаналықтар «Думан» қонақ үйінің кинотеатрында жеті кинофильм көре алады, олардың ішінде «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Мәншүк туралы ән» фильмі және «Сарбаздар шықты жорыққа» (Украина), «Менің балалық шағым кейінде қалған» (Беларусь), «Солдаттың әкесі» (Грузия) ленталары бар. Фестиваль фильмдері барлық көрерменге тегін көрсетіледі.