Астанада Жеңіс күніне орай 3 мыңнан астам лента мен белгі таратылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлы Жеңіс күні қарсаңында елордада ардагерлердің қатысуымен көптеген патриоттық шара болып өтті. Соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сұрапыл соғыс жылдары еске алынып, жеңіс тойы тойланды. Елордалық жастар да қалыс қалмай, ленталары мен белгілер таратып, «Мен батырлар ұрпағымын» атты жыл сайынғы акцияны ұйымдастырды.
«Жыл сайын Астана қаласының әкімдігі Жеңіс күніне орайластырылған мерекелік ленталар таратады. Биыл олар Қазақстанның нышанымен ерекше жасалды, Жеңіс орденінің символымен қазақстандық ою-өрнектер салынды, тудың түсіндей көгілдір. Ленталар таратудың мақсаты жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, жеңістің құндылығын түсіндіру және өткенді құрметтеу болып табылады », - деді ұйымдастырушылар astana.kz сайтына берген сұхбатында.
Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына 3 мыңнан астам мерекелік лента таратылды. Бәрі де қуанып, бірден тағып алды.
«Өте жақсы акция, Ол осынау атаулы күнді еске салады. Бұл керемет, әрине біздің ұрпағымыз ұмытқан жоқ, ал жастарға жеткізу керек. Барлық елорда тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтаймын, баршаңызға жақсылық пен бақыт, денсаулық тілеймін », - деді Астана қаласының тұрғыны Галина Красникова astana.kz сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, акция жастарға жеңіске жетер жолдағы қиындықтар мен оны бағалау керек екендігін тағы да бір мәрте еске салып өтуге бағытталған.