Астанада Жеңіс күніне орай 60-тан астам мерекелік шара жоспарланып отыр
Олардың ішінде басты бес ірі шара болмақ - жауынгерлердің бейітіне гүл шоқтары мен даңқ гүлдестесін қою дәстүрлі рәсімі, Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты концерт, жас орындаушылар мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен әскери-патриоттық әндер фестивалі, «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтеді, соғыс жылдарындағы әндерден концерт болады.
Мерекелік шаралар аясында ардагерлер үшін шатырлық қалашықта салтанатты қабылдау өтеді. Сонымен бірге, Астанада дәстүрге айналған акция - «Ұлы Жеңіс қаһармандарының тағдыры» билбордтары мен портреттері елорда көшелеріне орнатылады.
Еске сала кетейік, Астананың барлық ардагерлеріне Жеңіс күні қарсаңында әлеуметтік көмек ретінде 150 мың теңгеден көмек көрсетілетін болады. Соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендерге - 20 мың теңгеден, соғыста қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне - 10 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне - 10 мың теңгеден көмек беріледі.