08:38, 09 Қаңтар 2026 | GMT +5
Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, маңызды республикалық жарыс бүгін, 9 қаңтарда басталады. Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.
Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Аталған чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.
Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубының «Нефтчи» және «Вараждинмен» өтетін бақылау матчтары жабық режимде өтеді.
Михаил Кукушкин Ұлыбританиядағы турнирдің жартылай финалына өтті.