Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді.

Отшашу
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. өтеді. 

Айта кетелік әскери шеруге дайындыққа байланысты Астанада бірқатар көше уақытша жабылады.

 

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды
Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Ислам тарихы» мұражайы ашылды