Астанада ЖЭО-2-нің аумағында дәнекерлеуші биіктіктен құлап кетті
АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні, сағат 16.27-де елордалық ЖЭО-2-нің аумағында дәнеркерлеу жұмыстарын жүргізу барысында «Қазорталықэнергомонтаж» АҚ-ның 58 жастағы жұмысшысы үш метр биіктіктен құлап кетіп, ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.