Астанада «Жер - біздің ортақ үйіміз» ұлттық көрме-конкурсыың жеңімпаздары марапатталды
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Бауыржан Момышұлы атындағы Оқушылар сарайында «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты балалар арасындағы X ұлттық экологиялық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Мерейтойлық іс-шара аясында соңғы он жылдың ішінде конкурсқа қатысқан балалардың ең үздік шығармалары шығарылды. Мұнда графика мен майлы бояу суреттері, сондай-ақ жеңімпаздардың қолөнер бұйымдары бар.
Биылғы көрме-конкурсының тақырыбы - «Экология және дизайн». Оның нәтижесі бойынша I-ші орынды Кәмилә Қайранбаева (Алматы) жеңіп алса, Константин Бакулин (Павлодар) II-ші орынға ие болды. Астаналық Александра Полец III-ші орынды қанағат тұтты. Ал Қарағандыдан келген Георгий Сысоев «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты X ұлттық экологиялық көрме-конкурсының Гран-приін қанжығасына байлап қайтты.