Астанада жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу мен уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион Астана қаласының әкімдігі ғимаратында сағат 15:00 өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астанада жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өтеді

Жер қатынастары басқармасының хабарлауынша, бүгін аукционда сатуға 21 жер учаскесі ұсынылып отыр. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өтеді (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционға 120 қатысушы тіркелді, жалпы, 120 жер учаскесі сатуға шығарылады. Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін 5 банктік күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.