Астанада жер үйлердің бірі өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада жекеменшік үй дүкенімен бірге өртенді. Аталмыш ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Астанада жер үйлердің бірі өртенді

«Бүгін 2018 жылдың 6 қаңтарында, таңғы сағат 9-дар шамасында «Көктал-2» шағынауданында орналасқан  жер үйлердің бірінің шатырынан өрт шықты.  Өрт сөндірушілердің күшімен, сағат 10:14 пен 10:59 аралығында тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрт шалған аумақ 150 шаршы метрді құрады»,-деп мәлімдеді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жалынды сөндіруге Астана қаласы жеке құрамының 21 адамы жұмылдырылып, мамандандырылған өрт сөндіруші 5 арнайы техника бірлігі тартылған.
null 

«Келтірілген мәліметтерге сәйкес, өрттің шығуына көмірмен жанатын пеш ақауы себеп болуы мүмкін. Азаматтарды абай болуға шақырамыз. Пешті қолданған кезде сақ болыңыздар»,-деді Руслан Иманқұлов.