Астанада жер жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада жер жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы қаза болды, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Астанада жер жұмыстарын жүргізу барысында жұмысшы мерт болды

Сәрсенбі, 30 мамыр күні Астана қаласындағы Ақкөл-2 көшесі бойында жер жұмыстарын жүргізу кезінде «СетьТеплоПромСтрой» ЖШС-нің экскаваторы орға түсіп кетті. Төтенше жағдай салдарынан 48 жастағы экскаваторшы оқиға орнында көз жұмды.