Астанада жерасты автотұрақ ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республика даңғылы, 7 мекен-жайында орналасқан автотұрақ 254 көлік құралына есептелген. Жаңа автотұрақ жалпы ауданы 10 мың 112 шаршы метрді құрайтын 4 қабаттан тұрады. Нысан тұрақ қызметі үшін ақы төлеуге болатын жартылай автоматтандырылған неміс техникасымен жабдықталған. Автотұрақтың бір тәуліктік төлемақысы 500 теңгені құрайды. Алдағы уақытта мұнда автокөлік жуу орындарын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда автотұрақты Астана қаласының әкімдігіне қарасты «Паркинг Сервис НТ» ЖШС-сі басқаруда.
«Бүгінде Астанадағы көлік құралдарының саны күн санап өсуде. Қазірдің өзінде оның саны 200 мыңға дейін жетті. Ал осы іспетті автотұрақтардың арқасында біз қаладағы көлік тығыздығы мәселесін шеше аламыз», - деді нысанның ашылуы салтанатында қала әкімі И.Тасмағамбетов.
Айта кетейік, жаңа автотұрақ 2007-2009 жылдарға арналған Астана қаласында автотұрақтар желісін дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламасы аясында салынып отыр.