Астанада жерді дистанционды зондау мәселелеріне арналған I Еуразиялық конференция басталды

Геоақпараттық жүйелер және жерді дистанционды зондтау» тақырыбында I Еуразиялық конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аэрофототопография саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың қатысуымен өтіп жатқан ғылыми мәжілісте бүгінгі аэротүсірілімнің даму болашағы, сондай-ақ осы орайда Қазақстанда қалыптасқан мәселелер пысықталуда. «Астанатопография» РМКК-ның директоры Нұрман Хатиевтың айтуынша, бүгінде осы кәсіпорынның қызметкерлерінің бастамасымен Астана қаласының аэротүсірілімі жүргізіліп келеді. Бірақ қажетті техника жетіспей жатқандықтан, бұл бағыттағы толыққанды әрі сапалы жұмысты жүргізу қиынға соғып отыр. «Бүгінгі таңда озық техникалардың көмегімен күніне 50 мың шаршы метр аумақты түсіруге болады. Біз болсақ, күн сайын тек 5-6 мың шаршы метр жерді ғана түсіріп, үлгеріп жатамыз. Сондықтан бүгінде Астана қаласының әуефототүсірілімін сапалы түрде жүргізу үшін бізге, біріншіден, орта деңгейдегі әуе ұшағы, екіншіден, осы саладағы озық техника қажет», - дейді Н.Хатиев.