Астанада жертөледегі екі цех жойылды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Астанада аудиокөрнекі контрафактілі өнімдерді дайындап келген 2 жертөле цехы әшкерленді.
None
None

Аstana.kz сайтына елордалық Әділет басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жертөледегі цехтарды «Заңсыздық», «Қамту» шұғыл-алдын алу іс-шаралары кезінде Зияткерлік меншік құқығы бөлімі мен қалалық ІІД ББ «К» бөлімшесінің қызметкерлері анықтады. Шұғыл-алдын алу іс-шаралары елордада 27-31 мамыр аралығында өткізілді.

«Іс-шаралар барысында Жамбыл облысы мен Ресей Федерациясының екі азаматы ұсталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Тұрғылықты жерлерін тінту кезінде 3 процессор 7 DVD түріндегі, түрлі-түсті принтер, контрабандалық фактілердің белгісі бар 1 834 DVD дискі, 18 дискіге арналған бос қорап, дискіге арналған 8 бума целлофан пакет, А-4 форматындағы 8 фотоқағаз бумасы, 300 дана фильм аттары жазылған полиграфия және 150 бос диск табылды.

"Тәркіленген өнімдер мен ұсталған адамдар ҚР қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сәйкес, ішкі істер органдарына жеткізілді. Сараптама тағайындалды",- деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, 31 мамырда Астана қаласы Әділет департаментінің 2013 жылдың 2 тоқсанына арналған Жұмыс жоспары аясында Зияткерлік меншік бөлімі Астана қаласы әкімдігімен бірге контрфактілі өнімдерді көпшілік алдында жою бойынша кең ауқымды акция өткізді. Жол тегістейтін машинаның көмегімен қалалық полигонда 150 000 данадан астам контрафактілі дискілер жойылды.

Департамент аудиокөрнекі контрафактілі өнімдерді сату «Авторлық және аралас құқық туралы» Заңды өрескел бұзу болып табылатынын қатаң ескертеді. Ол мемлекетке қаржылық шығын келтіріп, Қазақстан Республикасында зияткерлік және мәдени әлеуеттің дамуына кедергі келтіреді.

Соңғы жаңалықтар